Матч орталығы
Конференциялар лигасы Футбол КуПС КуПС 20:00 Бүгін Шемрок Шемрок Еуропа лигасы Футбол Арарат Арарат 21:00 Бүгін Крайова Крайова Еуропа лигасы Футбол Тун Тун 21:00 Бүгін Лех Лех Еуропа лигасы Футбол Иберия Иберия 21:00 Бүгін Ягеллония Ягеллония Конференциялар лигасы Футбол Маккаби Маккаби 21:00 Бүгін Лугано Лугано Конференциялар лигасы Футбол Яблонец Яблонец 21:00 Бүгін Рейнджерс Рейнджерс Конференциялар лигасы Футбол Қарабақ Қарабақ 21:00 Бүгін Твенте Твенте Конференциялар лигасы Футбол Монако Монако 21:45 Бүгін Гурник Гурник Конференциялар лигасы Футбол Фрайбург Фрайбург 21:45 Бүгін Мотеруэлл Мотеруэлл Конференциялар лигасы Футбол Копенгаген Копенгаген 22:00 Бүгін Интер Интер Конференциялар лигасы Футбол Градец Градец 22:00 Бүгін Панатинаикос Панатинаикос Конференциялар лигасы Футбол Бранн Бранн 22:00 Бүгін ПАОК ПАОК Конференциялар лигасы Футбол Интер Эскальдес Интер Эскальдес 22:00 Бүгін Дрита Дрита Конференциялар лигасы Футбол Рига Рига 22:00 Бүгін Клаксвик Клаксвик Еуропа лигасы Футбол Кауно Кауно 22:00 Бүгін Бешикташ Бешикташ Еуропа лигасы Футбол Зальцбург Зальцбург 22:00 Бүгін Мьельбю Мьельбю Еуропа лигасы Футбол Омония Омония 22:00 Бүгін Сент Труйден Сент Труйден Еуропа лигасы Футбол Виктория Виктория 22:00 Бүгін Црвена Звезда Црвена Звезда Еуропа лигасы Футбол Лиллестрем Лиллестрем 22:00 Бүгін Эгнатия Эгнатия Конференциялар лигасы Футбол Ракув Ракув 22:00 Бүгін Хайдук Хайдук

11 сағат бұрын

Қазақстанда күзде халықаралық спорт шаралары өтеді

Қазақстанда күзде халықаралық спорт шаралары өтеді

Фото: Olympic.kz

Астана мен Алматы қалалары биыл күзде бірқатар ірі халықаралық спорттық және салалық іс-шараларды қабылдайды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Елімізде үстел теннисінен Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы, әлем чемпионаттары, беделді халықаралық сериялардың кезеңдері, олимпиадалық және паралимпиадалық спорт түрлерінен жарыстар өтеді.

Сонымен қатар елордада Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) басқарушы органдарының отырыстары ұйымдастырылады.

«Күзде Қазақстан Президенті кубогы, әлем чемпионаттарынан бастап, ірі халықаралық сериялардың финалдарына дейінгі түрлі спорт түрлерінен жарыстарды қабылдайды. WADA басқарушы органдарының отырыстары мен күрес түрлерінен әлем чемпионаты да маңызды оқиғалардың қатарында. Бұл халықаралық спорт ұйымдарының елімізге деген жоғары сенімін көрсетеді. Біз үшін мұндай іс-шараның нақты нәтижесі болғаны маңызды. Яғни ел спортшыларының мықты қарсыластармен өз елінде жарысуына мүмкіндік беріп, мамандардың біліктілігін арттырып, инфрақұрылым мен оқиғалық туризмнің дамуына ықпал етуі қажет», – деді Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.

Жалпы, 2026 жылы Қазақстанда әлемдік және құрлықтық деңгейдегі 20-ға жуық ірі халықаралық жарыс өткізу жоспарланған. Мұндай іс-шаралар отандық спорттың дамуына, жанкүйерлер мен туристерді тартуға, қонақүйлер мен қызмет көрсету инфрақұрылымының жүктемесін арттыруға, сондай-ақ елдің халықаралық беделін нығайтуға ықпал етеді.

Қазақстанның халықаралық спорттық іс-шараларды қабылдауы 2027 жылы да жалғасады. Келер жылы Астанада бокс, дзюдо, таеквондо, үстел теннисі, киберспорт және жасөспірімдер арасындағы шорт-тректен алты әлем чемпионаты, сондай-ақ УЕФА-ның 51-конгресі өтеді.

Еске салсақ, Қазақстанда спорттық делегацияларды жасақтаудың бірыңғай тәртібі енгізілді.


Біздің серіктес: Sport12kz