Матч орталығы
Әлем чемпионаты, іріктеу, Еуропа Баскетбол Португалия Португалия 90:98 Аяқталды Грузия Грузия Әлем чемпионаты, іріктеу, Еуропа Баскетбол Черногория Черногория 89:98 Аяқталды Украина Украина Суперлига Футбол Бешикташ Бешикташ 6:2 Аяқталды Чорум Чорум Серия А Футбол Аталанта Аталанта 1:0 Аяқталды Болонья Болонья Премьер-лига Футбол Астон Вилла Астон Вилла 0:1 Аяқталды Арсенал Арсенал Примейра-лига Футбол Брага Брага 1:0 Аяқталды Гимарайнш Гимарайнш Примейра-лига Футбол Бенфика Бенфика 2:1 Аяқталды Эшторил Эшторил Ла Лига Футбол Барселона Барселона 5:2 Аяқталды Райо Вальекано Райо Вальекано Челленджер Чжанцзяган Теннис Илья Симакин Илья Симакин 1:0 2-сет Денис Евсеев Денис Евсеев ЮС Опен, женщины Теннис Си Фродин Си Фродин 20:00 Бүгін Елена Рыбакина Елена Рыбакина ЮС Опен, женщины Теннис Юлия Путинцева Юлия Путинцева 20:00 Бүгін Белинда Бенчич Белинда Бенчич Германия кубогы Футбол Гамбург Эймсбюттлер Баллшпиль 1911 Гамбург Эймсбюттлер Баллшпиль 1911 23:45 Бүгін Боруссия Боруссия Чемпионшип Футбол Шеффилд Шеффилд 23:45 Бүгін Болтон Болтон Чемпионшип Футбол Вест Хэм Вест Хэм 23:45 Бүгін Вулверхэмптон Вулверхэмптон Чемпионшип Футбол Портсмут Портсмут 23:45 Бүгін Дерби Дерби Чемпионшип Футбол Суонси Суонси 23:45 Бүгін Уотфорд Уотфорд Чемпионшип Футбол Бирмингем Бирмингем 00:00 Ертең Саутгемптон Саутгемптон Италия кубогы Футбол Торино Торино 00:00 Ертең Монца Монца Чемпионшип Футбол Сток Сток 00:00 Ертең Норвич Норвич ЮС Опен мужчины Теннис Александр Бублик Александр Бублик 20:00 Ертең Адриан Маннарино Адриан Маннарино

11 сағат бұрын

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталды

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталды

Фото: ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары көшпелі халықтардың дәстүрлі және ұлттық спорт түрлерін сақтауға, дамытуға және насихаттауға, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған халықаралық спорттық-мәдени іс-шара.

Ойындардың ашылу салтанаты қырғыз елінің астанасындағы «Бішкек-Арена» стадионында өтуде. Сыйымдылығы жағынан Орта Азиядағы ең үлкен кешенге 50 мыңнан астам адам жиналды. Халықаралық деңгейдегі шараның ашылу салтанатын 17 елдің президенттері, сондай-ақ, жүзден аса елден келген үш мыңға жуық спортшы тамашалауда.

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғыз Республикасында 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өтеді. Қазақстан құрамасы жарыс регламентінде бекітілген 43 спорт түрі бойынша 152 спортшы қатысады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көкпардан әлем чемпионы, команда капитаны Тұрғанбек Құрманбек ұстап шықты.

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ашылу салтанатына қатысып, ел спортшыларына қолдау білдірді.

Елімізде спорт саласындағы заңнаманың жетілуі аясында 11 ұлттық спорт түрі олимпиадалық спортпен теңестіріліп, басым спорт түріне кірген болатын. Олар – қазақ күресі, тоғызқұмалақ, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, бәйге, теңге ілу, құсбегілік, асық ату, дәстүрлі садақ ату, жекпе-жек.

Ойындар бағдарламасындағы 43 спорт түрінен жарыстар Шолпан-Ата қаласындағы 3 спорттық кешенде және Қыршын жайлауында 1 қыркүйектен басталады.

Ойындардың бағдарламасына сәйкес көкпар, көкбөрі, қазақ күресі және де басқа спорт түрлері Qazsport арнасы арқылы тікелей көрсетіледі.



Біздің серіктес: Sport12kz