10 сағат бұрын
Баскетболдан Қазақстан ерлер құрамасы Азия кубогы финалына өтті
Баскетболдан Қазақстан ерлер құрамасы 2026 жылғы Азия Кубогының іріктеуінің бірінші кезеңінде төртінші матч өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Алматыда Қазақстан құрамасы Шри-Ланка құрамасын 87:58 (25:8, 26:7, 14:20, 22:23) есебімен жеңді.
Іріктеудің бірінші ойынында қазақстандықтар Мальдив құрамасын 114:43 есебімен тізе бүктірсе, екінші матчта Палестинаға 67:80 есебімен жол берді,. Одан кейін Қырғызстанмен 88:67 есебімен басым түсті.
Осылайша, Қазақстан Азия кубогының келесі іріктеу кезеңіне өтті. Финалдық турнир 2029 жылдың ақпан айында өтеді.
Біздің серіктес: Sport12kz