1 күн бұрын

Қазақстандық регбишілер Азиаттық серияның алғашқы кезеңін аяқтады

Қазақстандық регбишілер Азиаттық серияның алғашқы кезеңін аяқтады

Қазақстанның әйелдер құрамасы Азиаттық регби-7 сериясының алғашқы кезеңінде бесінші орын алды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Сучжоуда (Қытай) өткен жарыстың топтық кезеңінде қазақстандық регбишілер Сингапурды 31:5, Өзбекстанды 22:0 есебімен жеңіп, Қытайдан 0:52 есебімен жеңілді.

Ширек финалда Қазақстан Таиландқа 0:43 есебімен жол берді. Кейін бесінші орын үшін өткен кездесулерде Өзбекстанды 29:7, Үндістанды 17:12 есебімен жеңді.

Ал ерлер құрамасы турнирді 10-орынмен аяқтады. Қазақстандықтар топта Шри-Ланкаға (7:49), Қытайға (22:26) және Оңтүстік Кореяға (5:14) есе жіберді. Кейін Үндістанды 28:19 және Өзбекстанды 17:14 есебімен жеңіп, Сингапурдан 7:17 есебімен ұтылды.

Азиаттық серияның екінші әрі соңғы кезеңі 17-18 қазанда Коломбода (Шри-Ланка) өтеді. Оның қорытындысы бойынша маусымның жалпы жеңімпаздары анықталып, олар SVNS 3 турниріне жолдама алады.


Біздің серіктес: Sport12kz