1 күн бұрын
Бішкекте VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталды
Қырғызстан астанасы Бішкекте VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекке барып, халықаралық спорт форумының ашылу рәсіміне қатысты.
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өтеді. Жарыстың негізгі бөлігі Ыстықкөл облысында ұйымдастырылады.
Биылғы додаға әлемнің 100-ден астам елінен 3000-ға жуық спортшы қатысып, спорттың 43 түрінен бақ сынайды. Бағдарламаға көшпенді халықтардың дәстүрлі спорт түрлері мен ұлттық жекпе-жектері енгізілген.
Қазақстан атынан жарысқа 150-ден астам спортшы қатысады. Отандастарымыз бағдарламаның барлық 43 спорт түрінде өнер көрсетіп, жүлделі орындар үшін күреседі.
Біздің серіктес: Sport12kz