1 күн бұрын
Қазақстандық бессайысшылар Қытайдағы әлем чемпионатын аяқтады
Қазақстандық бессайысшылар Қытайдың Гуйян қаласында өткен қазіргі бессайыстан әлем чемпионатындағы жарысын аяқтады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ерлер арасындағы бәсекеде Қазақстан атынан бес спортшы өнер көрсетті. Кирилл Стадник іріктеу кезеңінде 20-орынға, Тихон Варёхин 16-орынға, Темірлан Абдраимов 21-орынға, Данил Богданов 17-орынға, Лев Чувашов 18-орынға жайғасты. Нәтижесінде отандастарымыз жартылай финалға өте алмады.
Әйелдер арасында Аяна Қазбекова 21-орын, Юлиана Петрова 27-орын, Ярославна Понер 30-орын алды. Қазақстандық спортшылар бұл кезеңнен де аса алған жоқ.
Эстафетада ерлер құрамасынан Темірлан Абдраимов пен Лев Чувашов жетінші орын иеленді. Әйелдер арасында Аяна Қазбекова мен Юлиана Петрова тоғызыншы орынға тұрақтады. Аралас эстафетада Ярославна Понер мен Кирилл Стадник те тоғызыншы нәтиже көрсетті.
Командалық есепте Қазақстан әйелдер арасында 11-орын, ерлер арасында 13-орын алды.
Біздің серіктес: Sport12kz