1 күн бұрын

Қазақстандық шабандоздар Польшада үш медаль жеңіп алды

Қазақстандық шабандоздар Польшада үш медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасының өкілдері Польшада өткен халықаралық Wierzbna Bialy Las ат спорты турнирінде үш медаль иеленді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Жарыстың соңғы күнінде қазақстандық спортшылар биіктігі 120 сантиметр болатын CSI3* конкурынан жүлделі орындарға ие болды.

Раиса Соколенко Chevalier атты атымен жарыс жолын айып ұпайынсыз аяқтап, алтын медаль жеңіп алды. Екінші орынды Shenanigan атымен өнер көрсеткен Олег Соколенко иеленді. Ал үшінші орын польшалық Малгожата Кошуцкаға бұйырды.

Раиса Соколенко бұған дейін де жүлдеге қол жеткізген. Ол Chevalier атымен биіктігі 120 сантиметр болатын CSI1* санатында күміс медаль жеңіп алған.

Осылайша Қазақстан құрамасы турнирді бір алтын және екі күміс медальмен аяқтады.



Біздің серіктес: Sport12kz