22 сағат бұрын
«Астана» құрамын тәжірибелі италиялық велошабандозбен толықтырды
Италиялық велошабандоз Андреа Баджоли 2027 жылғы маусымнан бастап XDS Astana Team құрамында өнер көрсетеді.
27 жастағы спортшы қазақстандық командамен екі жылдық келісімшартқа қол қойған. Ол 2027 және 2028 жылдары «Астана» намысын қорғайды.
Баджоли бір күнде өтетін классикалық веложарыстарда жақсы нәтиже көрсетіп жүрген тәжірибелі шабандоз. 2023 жылы ол «Гран Пьемонте» жарысында жеңіске жетіп, «Тур Ломбардияда» екінші орын алған.
Сондай-ақ италиялық спортшы «Вольта Каталония», «Тур Валлония» және «Тур Словакия» жарыстарының кезеңдерінде топ жарған.
2026 жылғы маусымда Баджоли «Тур Австриясының» бір кезеңінде жеңіске жетіп, «Тур Швейцариясында» үшінші орын иеленді. Ал Гран-при Мигель Индурайн жарысын бесінші болып аяқтады.
Баджоли XDS Astana Team сапында жеңіс үшін күресіп, команданың маңызды мақсаттарына үлес қосуды көздейтінін айтты.
Команданың бас менеджері Александр Винокуров италиялық велошабандоздың біркүндік жарыстардағы нәтижені жақсартуға көмектесетініне сенім білдірді.
Айта кетейік, Баджоли бұған дейін «Lidl-Trek» сапында өнер көрсеткен.
Біздің серіктес: Sport12kz