18 сағат бұрын

Велоспорттан Азия ойындарына қатысатын ерлер құрамасы белгілі болды

Велоспорттан Азия ойындарына қатысатын ерлер құрамасы белгілі болды

Қазақстанның тас жолдағы велоспорттан ерлер құрамасынан 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын спортшылар анықталды.

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтетін жарыста Қазақстан намысын Алексей Луценко, Евгений Федоров және Николя Винокуров қорғайды.

Үш спортшы да 160 шақырымдық топтық жарысқа қатысады. Сонымен қатар Алексей Луценко жекелей уақытқа жарыста ел намысын қорғайды.

Қазақстандық велошабандоздар Азия ойындарына тыңғылықты дайындалып жатыр. Луценко мен Федоров үшін бұл додадағы тәжірибе де аз емес. Екеуі 2022 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында жүлдеге ие болған.

Евгений Федоров сол жарыста топтық бәсекеде жеңіске жетсе, Алексей Луценко күміс медаль иеленген.

Айта кетейік, XX жазғы Азия ойындары Жапонияда 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.


Біздің серіктес: Sport12kz