10 сағат бұрын
Көшпенділер ойындарыының алғашқы күнгі нәтижесі қандай?
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының: бірінші күннің нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғыз Республикасында 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өтуде. Қазақстан құрамасы жарыс регламентінде бекітілген 42 спорт түрі бойынша 152 спортшы қатысады.
Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы ордо (асық ату), тогуз коргоол (тоғызқұмалақ), кураш, гореш, монгол бох спорт түрлері бойынша бақ сынады.
Тоғызқұмалақшылар 6 қыркүйекке дейін ойнайды. Ал асықшылардың ақтық ойындары 2 қыркүйекке жоспарланған. Кураш бойынша белдескен Жарылғапов Нұрдәулет ирандық балуаннан жеңілді.
Монғол бох спортынан Амангелді Ерасыл мен горештен өнер көрсеткен Абдрахманов Мадияр қарсыластарына есе жіберді. Аталған үш күрес бойынша жарыс аяқталды.
Ертең, 2 қыркүйекте, көкпар, көкбөрі, эр еңиш (аударыспақ), алыш, овари, мангала, тогуз коргоол (тоғызқұмалақ), ат марафоны, ордо, құсбелігік, жамбы ату, дәстүрлі садақ ату, таяқ тарту, арқан тарту, сумо, стронгмэн, омыртқа сындыру бойынша жарыстар өтеді.
Біздің серіктес: Sport12kz