35 минут бұрын
Қазақстанның төрт жұбы Азия чемпионатында бақ сынайды
Қытайдың Шанло қаласында жағажай волейболынан Азия чемпионаты басталды. Қазақстан атынан құрлық додасына төрт жұп қатысып жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ерлер арасындағы жарыста Дмитрий Яковлев пен Абдулмажид Мохаммад, сондай-ақ Сергей Богату мен Кирилл Гурин өнер көрсетеді.
Әйелдер арасында Қазақстан сапынан Кристина Каримова мен Екатерина Рюхова, Мерей Қожахмет пен Лаура Қабулбекова бақ сынайды.
Жағажай волейболынан Азия чемпионаты 6 қыркүйекке дейін жалғасады.
Біздің серіктес: Sport12kz