1 күн бұрын
Қазақстан көкпардан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының финалына шықты
Қазақстанның көкпардан ұлттық құрамасы Қырғызстанның Бішкек қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жартылай финалда қазақстандық көкпаршылар Венгрия құрамасын 9:4 есебімен жеңіп, В тобынан бірінші орынмен финалға шықты.
Шешуші кездесуде Қазақстан құрамасы жарыс қожайыны Қырғызстанмен кездеседі. Финал 6 қыркүйек, жексенбі күні өтеді.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қазіргі чемпионы болғандықтан, алғашқы турда ойын өткізген жоқ. Екінші турда отандастарымыз Ресей құрамасын 14:1 есебімен ойсырата жеңді.
Біздің серіктес: Sport12kz