23 сағат бұрын
Қазақстандық таеквондошылар әлемдік Гран-при кезеңінде бақ сынайды
5 қыркүйекте Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында таеквондодан әлемдік Гран-при кезеңі басталады.
Жарыста Қазақстан ұлттық құрамасы сапынан алты спортшының өнер көрсетуі жоспарланған.
Ерлер арасында Дамир Шуленов пен Ергеш Бекасыл ел намысын қорғайды. Әйелдер бәсекесінде Айдана Құмартаева, Нодира Ахмедова, Мария Севостьянова және Нұрай Хусаинова сынға түседі.
Айта кетейік, Муджудағы әлемдік Гран-при кезеңі 7 қыркүйекте мәресіне жетеді.
Біздің серіктес: Sport12kz