21 сағат бұрын
Қазақстандық шаңғышы Чехияда халықаралық жарыста жеңіске жетті
Чехияның Френштат қаласында шаңғымен трамплиннен секіруден халықаралық FIS Cup кезеңі аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан спортшысы Данияр Васильев жеңімпаз атанды.
Отандасымыз жарыс барысында 109 метрге секіріп, спорт кешеніндегі трамплиннің рекордын жаңартты.
Қазақстан құрамасы сапында сынға түскен жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы Илья Мизерных та жоғары нәтиже көрсетті. Ол жарысты төртінші орынмен аяқтады.
Біздің серіктес: Sport12kz