20 сағат бұрын
Жамбы атудан Абзал Тұрлыбеков қола жүлдегер атанды
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жамбы атудың мажар стилі бойынша Абзал Тұрлыбеков сынға түсті. Отандасымыз тартысты бәсекеде үшінші орын иеленіп, қола медаль жеңіп алды.
Айта кетейік, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғызстанның Бішкек қаласында өтіп жатыр.
Биылғы додада Қазақстан құрамасы спорттың 24 түрінен 150-ден астам спортшымен бақ сынауда.
Біздің серіктес: Sport12kz