6 сағат бұрын
Қазақстан көкпардан финалда Қырғызстанмен кездеседі
6 қыркүйек, жексенбі күні Бішкекте өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан финалдық кездесу өтеді. Алтын медаль үшін Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары таласады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстан — Қырғызстан арасындағы финалдық матч Қазақстан уақытымен сағат 10:00-де басталады.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қазіргі чемпионы болғандықтан, алғашқы турда ойын өткізген жоқ. Екінші турда қазақстандықтар Ресей құрамасын 14:1 есебімен жеңді.
Жартылай финалда Қазақстан Венгрияны 9:4 есебімен ұтып, В тобынан бірінші орынмен финалға шықты.
Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары көкпардан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының финалында қатарынан үшінші рет кездескелі отыр. Бұған дейінгі екі финалда да Қазақстан жеңіске жеткен — 4:3 және 5:4.
Біздің серіктес: Sport12kz