3 сағат бұрын
Қырғызстан көк бөріден Қазақстанды ойсырата жеңді
Бішкекте өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көк бөріден Қырғызстан мен Қазақстан құрамалары финалда кездесті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Үш кезең қорытындысы бойынша алаң иелері 12:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Қырғызстан құрамасы алтын медаль иеленсе, Қазақстан спортшылары күміс жүлдеге қол жеткізді.
Айта кетейік, бүгін көкпардан да шешуші кездесу өтеді. Финалда Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары өзара сынға түседі. Ойын Астана уақытымен сағат 11:00-де басталады.
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 31 тамызда басталып, бүгін, 6 қыркүйекте аяқталады. Байрақты бәсекеге әлемнің 113 елінен 3000-ға жуық спортшы қатысып, 43 спорт түрінен жүлделер сарапқа салынып жатыр.
Біздің серіктес: Sport12kz