3 сағат бұрын
Татьяна Генелева Азия сериясында күміс жүлдегер атанды
Қазақстандық спортшы Татьяна Генелева маунтинбайктан Азия сериясының кезеңінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport12.kz .
Қытайдың Гуйян қаласында өткен жарыста Татьяна Генелева әйелдер арасындағы XCC дисциплинасында екінші орынға ие болды. Қазақстандық спортшы қашықтықты 25:06 уақытта бағындырды.
Алтын медальді Қытай өкілі Тин Ван 24:14 нәтижесімен жеңіп алды. Қола жүлде тағы бір қытайлық спортшы Цзыи Чжанға бұйырды. Оның нәтижесі – 25:56.
Біздің серіктес: Sport12kz