Матч орталығы
Челленджер Фантхьет 3 Теннис Григорий Ломакин Григорий Ломакин 1:1 3-сет Филип Пеливо Филип Пеливо Челленджер Шанхай Теннис Петр Бирюков Петр Бирюков 16:35 Бүгін Денис Евсеев Денис Евсеев Челленджер Стамбул 3 Теннис Тимофей Скатов Тимофей Скатов 17:00 Бүгін Янки Эрел Янки Эрел Чемпиондар лигасы Футбол АЕК АЕК 21:45 Бүгін ЛАСК ЛАСК Чемпиондар лигасы Футбол Брюгге Брюгге 21:45 Бүгін Астон Вилла Астон Вилла Чемпионшип Футбол Блэкберн Блэкберн 23:45 Бүгін Шеффилд Шеффилд Чемпионшип Футбол Саутгемптон Саутгемптон 23:45 Бүгін Суонси Суонси Чемпионшип Футбол Рексхэм Рексхэм 23:45 Бүгін Бернли Бернли Чемпионшип Футбол Кардифф Кардифф 23:45 Бүгін Сток Сток Чемпионшип Футбол Уотфорд Уотфорд 23:45 Бүгін Престон Престон Чемпиондар лигасы Футбол Лилль Лилль 00:00 Ертең Бетис Бетис Чемпиондар лигасы Футбол Порту Порту 00:00 Ертең Манчестер Сити Манчестер Сити Чемпионшип Футбол Болтон Болтон 00:00 Ертең Вест Хэм Вест Хэм Чемпиондар лигасы Футбол Реал Мадрид Реал Мадрид 00:00 Ертең Интер Интер Чемпиондар лигасы Футбол Боруссия Боруссия 00:00 Ертең Вильярреал Вильярреал Анталья женщины Теннис Жибек Куламбаева Жибек Куламбаева 12:00 Ертең Елизара Янева Елизара Янева Премьер-Лига Футбол Қайрат Қайрат 19:00 Ертең Жеңіс Жеңіс ЮС Опен, женщины Теннис Чжэн Циньвэнь Чжэн Циньвэнь 20:30 Ертең Елена Рыбакина Елена Рыбакина Чемпиондар лигасы Футбол Барселона Барселона 21:45 Ертең Фейеноорд Фейеноорд Чемпиондар лигасы Футбол Штутгарт Штутгарт 21:45 Ертең Викинг Викинг

18 сағат бұрын

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Фото: Қазақстан ҰОК

15-17 қазан аралығында Астанада жүзуден алғаш рет Әлем кубогының кезеңі өтеді. Елорда Silk Road Tour сериясының қорытынды кезеңін қабылдайды, деп хабарлайды Sport12.kz.

2026 жылы World Aquatics Бакуды (Әзірбайжан), Ташкентті (Өзбекстан) және Астананы Әлем кубогының бірыңғай бағытына біріктірді. Серия тарихи Жібек жолының құрметіне Silk Road Tour деп аталды. Бірнеше ғасыр бойы бұл жол Еуропа мен Шығыс Азияны байланыстырған.

Жарыс Әзірбайжан астанасында басталып, жүзгіштер 1-3 қазан аралығында сынға түседі. Одан кейін серия 8-10 қазан күндері Ташкентте жалғасып, Астанада мәресіне жетеді.

Сайысқа ұлттық құрамалардың өкілдері, сондай-ақ белгіленген іріктеу талаптарын орындаған клуб спортшылары қатыса алады. Қабылдаушы елдердің клубтарынан келген жүзгіштер үшін бөлек шектеу қарастырылған: әр спортшы үш дисциплинадан артық жарысқа қатыса алмайды.

Жарысқа әлемнің үздік жүзгіштері, соның ішінде Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, әлем чемпионаттарының жүлдегерлері мен әлемдік рекорд иелері қатысады деп күтілуде. Жалпы, Silk Road Tour аясындағы үш додаға 50-ден астам елден 750-ден аса жүзгіш қатысады деп жоспарланған.

Әлем кубогы жарыстарында көрсетілген нәтижелер әлем және жасөспірімдер рекорды ретінде ресми түрде есепке алынуы мүмкін. Әлем рекорды жаңартылған немесе қайталанған жағдайда, World Aquatics талаптарына сәйкес нәтиже ресми түрде тіркеледі.

Silk Road Tour қорытынды рейтингі Астанадағы жарыс аяқталғаннан кейін жасалады. Спортшылардың жалпы орнын анықтау кезінде серияның барлық кезеңінде көрсеткен нәтижелері есепке алынады. Бұл ретте әр кезеңде жүзгіштің ең үздік үш нәтижесі ғана қорытынды есепке енгізіледі.

Күзгі серия желтоқсан айында Қытайдың Бейжің қаласында өтетін қысқа бассейндегі (25 метр) әлем чемпионаты алдындағы маңызды халықаралық жарыстардың бірі болмақ.

Айта кетейік, Әлем кубогының кезеңі «Барыс Арена» бассейнінде өтеді.



Біздің серіктес: Sport12kz