5 сағат бұрын
Күрең берет үшін 101 жауынгер сынға түсті
Қарағандыдағы «Қарабас» полигонында Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшелері арасында «Күрең берет – 2026» сынағы өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бір аптаға созылған сынаққа еліміздің әр өңірінен 101 үміткер қатысып, биыл алғаш рет FPV-дрондарды басқару нормативін тапсырды. Іріктеу кезеңінен кейін 60 жауынгер 65 шақырымдық жорықты еңсеріп, дене дайындығы, тактикалық дайындық, атыс, қоян-қолтық ұрыс, топографиялық бағдарлау және түрлі кедергілерден өту бойынша сынақтардан өтті.
Нәтижесінде 101 үміткердің 13-і барлық кезеңнен сәтті өтіп, күрең берет кию құқығына ие болды. Жеңімпаздарға береттерді Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Аңсаған Балтабеков табыстады.
Біздің серіктес: Sport12kz