4 сағат бұрын
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Анкарада өнер көрсетеді
Қазақстан спортшылары мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасындағы Гран-при сериясының төртінші кезеңінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жарыс 17-19 қыркүйек аралығында Түркияның Анкара қаласындағы Ümitköy Ice Skating Complex кешенінде өтеді. Қазақстандықтар төрт бағдарлама бойынша да сынға түседі.
Ерлер арасында Никита Козлов, әйелдер арасында Сафия Абаева өнер көрсетеді. Спорттық жұптар бәсекесінде Василианна Шелестова мен Абай Садыков, ал мұздағы биден Ева Шелаева мен Иван Соловьев ел намысын қорғайды.
2026/27 жылғы жасөспірімдер арасындағы Гран-при сериясы жеті кезеңнен тұрады. Серия қорытындысы бойынша әр бағдарламадағы үздік алты спортшы мен жұп финалға жолдама алады. Финал 10-13 желтоқсанда Қытайдың Чунцин қаласында өтеді.
Біздің серіктес: Sport12kz