2 күн бұрын
Алматыда Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді
7-10 қазан күндері Алматыдағы Halyk Arena спорт кешенінде мәнерлеп сырғанаудан дәстүрлі «Денис Тен Мемориалы» халықаралық турнирі өтеді.
Биылғы жарысқа әлемнің 25 елінен 150-ге жуық спортшы қатысады деп жоспарланған.
Төрт күнге созылатын турнирде ересектер мен жасөспірімдер арасында ерлер және әйелдер арасындағы жекелей сайыстар болады. Сондай-ақ мұздағы би бағдарламасы бойынша жүлдегерлер анықталады.
«Денис Тен Мемориалы» турнирі Қазақстанның әйгілі мәнерлеп сырғанаушысы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тенді еске алуға арналған.
Айта кетейік, халықаралық жарыс жыл сайын Алматы қаласында ұйымдастырылады.
Біздің серіктес: Sport12kz