1 күн бұрын
Қазақстандық мергендер Каирдегі Әлем кубогіне қатысады
Мысыр астанасы Каирде оқ ату спортынан Әлем кубогының кезекті кезеңі өтеді. Халықаралық жарысқа әлемнің 50 елінен 378 спортшы қатысуға өтінім берген.
Қазақстан құрамасы сапында үш мерген бақ сынайды. Бас бапкерлердің шешімімен ел намысын Никита Чирюкин, Кирилл Федькин және Артемий Кабаков қорғайды.
Отандастарымыз 25 метр қашықтықтан жылдам атылатын тапаншамен нысана көздеу бағдарламасында өнер көрсетеді. Бұл санатта спортшылар дәлдікпен қатар, ату жылдамдығы бойынша да сынға түседі.
Қазақстандық мергендер үшін Каирдегі бәсеке халықаралық аренадағы шеберлігін байқап, рейтингтік ұпай қорын толықтыруға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, Мысыр астанасындағы Әлем кубогының кезеңі 8-16 қазан аралығында ұйымдастырылады деп жоспарланған.
Біздің серіктес: Sport12kz