9 сағат бұрын
Асаубаева Global Chess League-2026 турнирінде үздік ойыншы атанды
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Үндістанның Бангалор қаласында өтіп жатқан Tech Mahindra Global Chess League-2026 турнирінің сегізінші турында жеке марапатқа ие болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Асаубаева өнер көрсететін FYERS American Gambits командасы Ganges Grandmasters-пен кездесуде жеңіске жетті. Команданың ресми парақшасы қазақстандық шахматшыны матчтың үздік ойыншысы деп таныды.
Әйелдер тақтасында Асаубаева ресейлік Полина Шуваловамен ойнап, бірінші айналымдағы жеңілісінің қарымтасын қайтарды. Ол қарсыласын 3:0 есебімен жеңді. Бұл қазақстандық шахматшының биылғы турнирдегі алғашқы жеңісі болды.
Бұған дейінгі жеті турда Асаубаева төрт партияны тең аяқтап, үш рет жеңілген.
Нәтижесінде FYERS American Gambits командасы Ganges Grandmasters-ті 13:5 есебімен ойсырата жеңді.
Tech Mahindra Global Chess League-2026 турнирінің жалпы жүлде қоры — 1 миллион доллар. FYERS American Gambits сапында Асаубаевадан бөлек өзбекстандық Жавохир Синдаров та өнер көрсетеді.
Біздің серіктес: Sport12kz