6 сағат бұрын
Азия ойындары: Қазақстан Қытайдан ірі есеппен жеңілді
Қазақстан баскетбол құрамасы Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстандық баскетболшылар топтық кезеңдегі алғашқы ойында Қытай құрамасымен кездесті. Матч Қытай құрамасының 99:61 есебімен жеңісімен аяқталды.
Қазақстан құрамасы С тобында өнер көрсетіп жатыр. Ұлттық команда келесі матчын 12 қыркүйекте Филиппинге қарсы өткізеді. Топтық кезеңдегі соңғы кездесу 14 қыркүйекте Бахрейнмен өтеді.
Қазақстан құрамасының Азия ойындарындағы баскетбол құрамына Марат Абат, Шаим Куанов (капитан), Никита Федченко, Владимир Иванов, Рустам Мырзагалиев, Антон Быков, Константин Нефф, Роман Марчук, Даниил Севергин, Богдан Рабченюк, Станислав Сахипов және Аскар Майдекин кірді.
Айта кетейік, Азия ойындарындағы баскетбол жарыстары негізгі бағдарламадан бұрын басталды. XX жазғы Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты 19 қыркүйекте Нагояда өтеді.
Біздің серіктес: Sport12kz