Матч орталығы
Суперлига Футбол Бешикташ Бешикташ 22:00 Бүгін Эрзурумспор Эрзурумспор Бундеслига Футбол Унион Унион 23:30 Бүгін Шальке Шальке Лига 1 Футбол Ренн Ренн 23:45 Бүгін Марсель Марсель Серия А Футбол Венеция Венеция 23:45 Бүгін Фиорентина Фиорентина Чемпионшип Футбол Вест Хэм Вест Хэм 00:00 Ертең Рексхэм Рексхэм Ла Лига Футбол Севилья Севилья 00:00 Ертең Валенсия Валенсия Чемпионшип Футбол Болтон Болтон 16:30 Ертең Кардифф Кардифф Чемпионшип Футбол Вест Бромвич Вест Бромвич 16:30 Ертең КПР КПР Чемпионшип Футбол Дерби Дерби 16:30 Ертең Бирмингем Бирмингем Премьер-Лига Футбол Каспий Каспий 17:00 Ертең Ақтөбе Ақтөбе Ла Лига Футбол Расинг Расинг 17:00 Ертең Алавес Алавес Серия А Футбол Дженоа Дженоа 18:00 Ертең Фрозиноне Фрозиноне Премьер-Лига Футбол Елімай Елімай 18:00 Ертең Жетісу Жетісу Бундеслига Футбол Аугсбург Аугсбург 18:30 Ертең Байер Байер Бундеслига Футбол Хоффенхайм Хоффенхайм 18:30 Ертең Штутгарт Штутгарт Бундеслига Футбол Боруссия Боруссия 18:30 Ертең Падерборн Падерборн Бундеслига Футбол Майнц Майнц 18:30 Ертең Айнтрахт Айнтрахт Бундеслига Футбол Фрайбург Фрайбург 18:30 Ертең Боруссия Боруссия Премьер-лига Футбол Челси Челси 19:00 Ертең Халл Халл Чемпионшип Футбол Уотфорд Уотфорд 19:00 Ертең Сток Сток

3 сағат бұрын

Президент Көшпенділер ойындарында топ жарған спортшыларды марапаттады

Президент Көшпенділер ойындарында топ жарған спортшыларды марапаттады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты.

Тәуелсіздік сарайында өткен жиында Президент Қазақстан құрамасының Қырғызстанда ұйымдастырылған дүбірлі додадағы нәтижесіне жоғары баға берді.

Қазақстандық спортшылар жарыста 74 медаль, оның ішінде 32 алтын жүлде жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды.

«Сіздер шын мәнінде тамаша өнер көрсетіп, Қазақстанның ұлттық спорттағы абырой-беделін дүниежүзіне паш еттіңіздер», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, әлемнің 100-ден астам елінің спортшылары қатысқан бәсекеде Қазақстан құрамасы ел үмітін толық ақтады.

«Әлемнің 100-ден астам елінен келген спортшылармен бәсекеге түсіп, көк байрағымызды биікке көтеру – нағыз ұлт перзенттеріне тән асыл қасиет. Мен Президент ретінде баршаңызға Отанымызға әкелген рухты жеңістеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев спорттың халықтар арасындағы достық пен өзара құрметті нығайтудағы рөліне де тоқталды. Сондай-ақ Қырғызстандағы жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

Президент ұлттық спорт түрлерін дамыту жұмыстары жалғаса беретінін жеткізді. Оның айтуынша, елімізде бұл бағытта 30-дан астам арнайы мекеме жұмыс істейді. Астанада Ұлттық спорт университеті ашылып, Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы жұмысын бастады.

Қазақстанда жыл сайын қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, көкпар, бәйге және басқа да ұлттық спорт түрлерінен мыңнан астам жарыс өткізіледі.

Мемлекет басшысы ұлттық спорт түрлерінің мәртебесі заң жүзінде олимпиадалық спорт түрлерімен теңестірілгенін атап өтті.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев спортшылардың жетістігі жастарға үлгі болатынын айтты.

«Жастар сіздерге қарап бой түзейді. Бұл – зор мәртебе ғана емес, үлкен жауапкершілік. Жеңімпаз, чемпион атану – бір бөлек, ал өзгелерге үлгі болып, чемпион деген атқа толық сай болу – мүлде басқа мәселе», – деді ол.

Айта кетейік, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғызстанда өтті. Қазақстан құрамасы 74 медаль, оның ішінде 32 алтын жүлде жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орын иеленді.


Біздің серіктес: Sport12kz