2 сағат бұрын
Бибісара Асаубаева мен Жавохир Синдаровтың командасы Global Chess League-де жүлдеге таласып жатыр
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Үндістанның Бангалор қаласында өтіп жатқан Global Chess League халықаралық лигасының төртінші маусымында өнер көрсетіп отыр.
Биылғы додаға алты команда қатысып, жарыс рапид форматында өтуде. Әлемнің үздік шахматшылары мен жас таланттары командалық есепте өзара мықтыны анықтап жатыр.
Бибісара Асаубаева FYERS American Gambits командасының сапында өнер көрсетуде. Қазақстандық шахматшымен бірге команда құрамында өзбекстандық Жавохир Синдаров, Даниил Дубов, Нихал Сарин, Сара Хадем және Марк-Андри Морицци бар.
10 қыркүйектегі жарыс қорытындысы бойынша FYERS American Gambits 12 матч ұпайымен көшбасшылар қатарында тұр. Команда Alpine APL Pipers және Ganges Grandmasters құрамаларымен бірге бірінші орынға таласуда..
Алда жарыстың шешуші кезеңі бар. 11 қыркүйекте кезекті ойындар жоспарланған. Турнирдің финалдық кезеңі 13 қыркүйек күні ұйымдастырылады.
Айта кетейік, Global Chess League-нің төртінші маусымы 13 қыркүйекке дейін жалғасады.
Біздің серіктес: Sport12kz