Матч орталығы
Эредивизи Футбол Фортуна Фортуна 1:5 Аяқталды Аякс Аякс Серия А Футбол Аталанта Аталанта 1:2 Аяқталды Кальяри Кальяри Лига 1 Футбол Лорьян Лорьян 2:2 Аяқталды Тулуза Тулуза Лига 1 Футбол Осер Осер 1:0 Аяқталды Ницца Ницца Лига 1 Футбол Гавр Гавр 0:0 Аяқталды Анже Анже Лига 1 Футбол Париж Париж 0:0 Аяқталды Лион Лион Премьер-лига Футбол Сандерленд Сандерленд 0:2 Аяқталды Арсенал Арсенал Ла Лига Футбол Реал Мадрид Реал Мадрид 4:1 Аяқталды Райо Вальекано Райо Вальекано Примейра-лига Футбол Академику де Визеу Академику де Визеу 2:1 Аяқталды Гимарайнш Гимарайнш ЮС Опен, женщины Теннис Арина Соболенко Арина Соболенко 1:2 Аяқталды Елена Рыбакина Елена Рыбакина Челленджер Фантхьет 4 Теннис Юрий Джавакян Юрий Джавакян 0:1 2-сет Григорий Ломакин Григорий Ломакин Премьер-Лига Футбол Ертіс Ертіс 16:00 Бүгін Оқжетпес Оқжетпес Кубок шотландской лиги Футбол Рейнджерс Рейнджерс 16:00 Бүгін Селтик Селтик Чемпионшип Футбол Шеффилд Шеффилд 16:00 Бүгін Вулверхэмптон Вулверхэмптон Премьер-Лига Футбол Ұлытау Ұлытау 17:00 Бүгін Алтай Алтай Ла Лига Футбол Сельта Сельта 17:00 Бүгін Малага Малага Калдаш-да-Раинья женщины Теннис Жибек Куламбаева Жибек Куламбаева 17:30 Бүгін Малаика Раполу Малаика Раполу Премьер-лига Футбол Ковентри Ковентри 18:00 Бүгін Брайтон Брайтон Лига 1 Футбол Лилль Лилль 18:00 Бүгін Труа Труа Серия А Футбол Лечче Лечче 18:00 Бүгін Монца Монца

9 сағат бұрын

Геннадий Головкин ISSA-ның вице-президенті болып сайланды

Геннадий Головкин ISSA-ның вице-президенті болып сайланды

Фото: Қазақстан ҰОК

Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының (ISSA) вице-президенті болып сайланды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Сайлау бүгін, 12 қыркүйекте Сауд Арабиясының Таиф қаласында өтіп жатқан ISSA-ның 15-ші Бас ассамблеясы аясында өтті.

Геннадий Головкин 2026-2029 жылдарға арналған Атқарушы комитет құрамына Азия және Еуропа өңірлеріне жауапты вице-президент ретінде тағайындалды.

Геннадий Головкин жаңа қызметінде Азия мен Еуропадағы Ұлттық Олимпиадалық комитеттердің атынан ISSA жұмысына қатысады. Ол қауымдастықтың алдағы жұмыс бағыттарын белгілеуге, Ұлттық Олимпиадалық комитеттерге қолдау көрсетуге, спортшылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға және ISSA-ға мүше елдер арасындағы байланысты нығайтуға үлес қосады.

Ал ISSA президенті қызметіне Сауд Арабиясының спорт министрі, елдің Олимпиада және Паралимпиада комитетінің басшысы, ханзада Абдулазиз бин Турки Әл-Фейсал қайта сайланды. Африка және Латын Америкасы өңірлеріне жауапты вице-президент қызметіне Марокко өкілі Наваль Эль-Мутавакель тағайындалды.

Геннадий Головкиннің ISSA басшылығына сайлануы оның халықаралық спорт саласындағы қызметінің жаңа кезеңіне жол ашты. Ол 2024 жылдың ақпанынан бері Қазақстан ҰОК президенті қызметін атқарып келеді.

2025 жылдың қарашасында Геннадий Головкин World Boxing ұйымының президенті болып сайланған еді. Осылайша, ол Олимпиадалық спорт түрлері бойынша халықаралық федерацияны басқарған тұңғыш қазақстандық атанды.

Айта кетейік, Ислам ынтымақтастығы Спорт қауымдастығы Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің Ұлттық Олимпиадалық комитеттерін біріктіреді. ISSA-ның жоғарғы заң шығарушы органы – Бас ассамблея. Қауымдастықтың ұйымдастыруымен өтетін басты спорттық додалардың бірі – Ислам ынтымақтастығы ойындары.



Біздің серіктес: Sport12kz