12 сағат бұрын
Ақмарал Ерекешева Чехиядағы Гран-Приде топ жарды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Көркем гимнастикадан Чехияда өтіп жатқан Grand Prix BRNO турнирінің шешуші күнінде жеке жаттығулар бойынша (үздік 9 спортшыдан) жүлделер сарапқа салынды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ақмарал Ерекешева іріктеу кезеңінде жоғары деңгейде өнер көрсеткендіктен, 4 жаттығуда да финалға өткен еді. Нәтижесінде отандасымыз 1 алтын, 3 күміс жүлдені жеңіп алды.
Шығыршық
1. Ақмарал Ерекешева (Қазақстан) - 29.150 ұпай
2. Полина Карика (Украина) - 29.100 ұпай
3. Лола Джураева (Өзбекстан) - 27.950 ұпай
Доп
1.Таисия Онофрийчук (Украина) - 28.450 ұпай
2. Ақмарал Ерекешева (Қазақстан) - 28.000 ұпай
3. Полина Карика (Украина) - 27.350 ұпай
Ұршық
1.Таисия Онофрийчук (Украина) - 29.450 ұпай
2. Ақмарал Ерекешева (Қазақстан) - 29.050 ұпай
3. Лола Джураева (Өзбекстан) - 27.600 ұпай
Таспа
1. Лилиана Левинска (Польша) - 27.700 ұпай
2. Ақмарал Ерекешева (Қазақстан) - 27.600 ұпай
3. Лола Джураева (Өзбекстан) - 27.300 ұпай.
Біздің серіктес: Sport12kz