9 сағат бұрын

Қазақстан баскетбол құрамасы Азия ойындарындағы жарысын аяқтады

Қазақстан баскетбол құрамасы Азия ойындарындағы жарысын аяқтады

Қазақстанның ерлер баскетбол құрамасы Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы топтық кезеңнің соңғы матчын өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Үшінші турда қазақстандық баскетболшылар Бахрейн құрамасымен кездесті. Матч қарсыластың 101:78 есебіндегі жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі үш матчтың бәрінде жеңіліп, С тобында төртінші орын алды. Нәтижесінде команда Азия ойындарындағы өнерін аяқтады.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы Қытайдан 61:99, ал Филиппиннен 78:109 есебімен жеңілген еді.

Жарыс ережесіне сәйкес, ширек финалға үш топтың әрқайсысынан үздік екі команда, сондай-ақ үшінші орын алған командалардың ішіндегі нәтижесі ең үздік екі құрама жолдама алады.

Қазақстан құрамасы С тобында төртінші орын алып, жарысты жалғастыра алмайды.



Біздің серіктес: Sport12kz