2 сағат бұрын

Қазақстан U23 құрамасы FIBA 3×3 әлем кубогында бақ сынайды

Қазақстан U23 құрамасы FIBA 3×3 әлем кубогында бақ сынайды

Баскетболдан Қазақстанның 23 жасқа дейінгі ерлер құрамасы 3×3 форматындағы FIBA әлем кубогында ел намысын қорғайды.

Әлемдік дода 15-19 қыркүйек аралығында Қытайдың Ухань қаласында өтеді. Бес күнге жоспарланған турнирге әлемнің үздік жас командалары қатысады.

Қазақстан құрамасы А тобында Германия, Нидерланд, Сербия және Тонга командаларымен кездеседі. Топтық кезең қорытындысы бойынша келесі кезеңге жолдама үшін тартыс жалғасады.

Қазақстан құрамасының әлем кубогына қатысатын ойыншылары:

– Жәңгір Дүйсенов

– Роман Байболов

– Илья Пестов

– Айболат Омаров

– Азамат Жәнібеков

Қазақстандық баскетболшылар 3×3 форматында халықаралық аренадағы тәжірибесін толықтырып, әлем кубогында жоғары нәтиже көрсетуге тырысады.


Біздің серіктес: Sport12kz