2 сағат бұрын

Астаналық спортшы Косовода өткен әлем чемпионатында топ жарды

Астаналық спортшы Косовода өткен әлем чемпионатында топ жарды

Астаналық спортшы Давид Широкорадов муай-тайдан әлем чемпионатында топ жарып, елге алтын медальмен оралды.

Чемпионды Астана әуежайынан ата-анасы мен жақындары, достары және спорт саласының өкілдері күтіп алды.

Муай-тайдан ересектер арасындағы әлем чемпионаты Косово Республикасының Дечани қаласында өтті. Жарысқа әлемнің 60 елінен 350-ден астам спортшы қатысты.

Қазақстан намысын қорғаған Давид Широкорадов 57 келіге дейінгі салмақта «А» (Elite) санатында өнер көрсетті. Ол жарыс барысында Әзербайжан және Біріккен Араб Әмірліктерінің спортшыларынан басым түсіп, финалға дейінгі жолын сәтті еңсерді.

Нәтижесінде елордалық спортшы өз салмағында алтын медаль иеленіп, ересектер арасында муай-тайдан әлем чемпионы атанды.

Давид Широкорадов – Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер. Оның жаттықтырушысы – Нұртаза Жұмаханов.

Айта кетейік, әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы «А» (Elite) санатындағы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. Ал вай-кру, май-муай және муай-тай бағыттары бойынша ұлттық құрама үшінші орынға тұрақтады.


Біздің серіктес: Sport12kz