1 сағат бұрын
Қазақстан 3×3 баскетболдан U23 әлем кубогында өнер көрсетеді
Фото: Қазақстан ҰОК
Қазақстан ерлер құрамасы 3×3 баскетболдан Қытайдың Ухань қаласында өтетін 23 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы FIBA әлем кубогында бақ сынайды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жарыс 15-19 қыркүйек аралығында өтеді.
Қазақстан құрамасы А тобында Германия, Нидерланд, Сербия және Тонга командаларымен кездеседі.
Қазақстан сапында Жәңгір Дүйсенов, Роман Байболов, Илья Пестов, Айболат Омаров және Азамат Жәнібеков өнер көрсетеді.
Біздің серіктес: Sport12kz