Матч орталығы
Челленджер Фантхьет 4 Теннис Мэтью Деллаведова Мэтью Деллаведова 2:1 Аяқталды Григорий Ломакин Григорий Ломакин Юношеская лига УЕФА Футбол OFK Mladost DG U19 OFK Mladost DG U19 19:00 Бүгін Кайрат до 19 Кайрат до 19 Ла Лига Футбол Райо Вальекано Райо Вальекано 22:00 Бүгін Эспаньол Эспаньол Ла Лига Футбол Алавес Алавес 23:00 Бүгін Валенсия Валенсия Эредивизи Футбол Аякс Аякс 23:00 Бүгін Виллем 2 Виллем 2 Чемпионшип Футбол Бристоль Сити Бристоль Сити 23:45 Бүгін Линкольн Линкольн Чемпионшип Футбол Мидлсбро Мидлсбро 23:45 Бүгін Миллуолл Миллуолл Лига кубогы Футбол Ипсвич Ипсвич 00:00 Ертең Арсенал Арсенал Италия кубогы Футбол Фиорентина Фиорентина 00:00 Ертең Пиза Пиза Лига кубогы Футбол Ливерпуль Ливерпуль 00:00 Ертең Тоттенхэм Тоттенхэм Ла Лига Футбол Эльче Эльче 00:30 Ертең Реал Мадрид Реал Мадрид Еуропа лигасы Футбол Омония Омония 21:45 Ертең Сельта Сельта Еуропа лигасы Футбол Арарат Арарат 21:45 Ертең Спарта Спарта Ла Лига Футбол Депортиво Депортиво 22:00 Ертең Севилья Севилья Ла Лига Футбол Атлетико Атлетико 22:00 Ертең Осасуна Осасуна Еуропа лигасы Футбол Милан Милан 00:00 17.09 Бенфика Бенфика Еуропа лигасы Футбол Хапоэль Хапоэль 00:00 17.09 Динамо Динамо Еуропа лигасы Футбол Олимпиакос Олимпиакос 00:00 17.09 Ягеллония Ягеллония Еуропа лигасы Футбол Байер Байер 00:00 17.09 Целе Целе Еуропа лигасы Футбол Штурм Штурм 00:00 17.09 Ренн Ренн

4 сағат бұрын

Қазақстандық шаңғышылар Швейцарияда бақ сынады

Қазақстандық шаңғышылар Швейцарияда бақ сынады

Швейцарияның Айнзидельн қаласында Халықаралық шаңғы және сноуборд федерациясының (FIS) қолдауымен трамплиннен шаңғымен секіруден халықаралық жарыстар өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Әйелдер арасында Құрлықаралық кубоктың екі кезеңі ұйымдастырылды. Бірінші жарыста қазақстандықтар арасында ең үздік нәтижені Алена Свириденко көрсетті. Ол 21-орынға ие болды. Виктория Рулева 42-орын, Вероника Шишкина 48-орын алды.

Екінші жарыста Шишкина 44-орынға, Рулева 46-орынға жайғасты. Ал Свириденко 50-орынмен шектелді. Әйелдер арасындағы екі жарыста да Қытай өкілі Цзэн Пин жеңіске жетті.

Ерлер FIS кубогы аясында бақ сынады. Алғашқы жарыста Даниил Калинкин финалдық кезеңге өтіп, 27-орын алды. Давид Гааль 55-орын, Артем Мешков 56-орын иеленді.

Келесі күнгі жарыста қазақстандықтар арасында ең үздік нәтиже Никита Девяткинге тиесілі болды. Ол финалдық кезеңге бір қадам жетпей, 31-орынға тұрақтады. Калинкин 35-орын, Мешков 45-орын, Гааль 54-орын алды.

Жарыстар Андреас Кюттель атындағы үлкен трамплинде өтті. FIS кубогының келесі кезеңдері 19-20 қыркүйекте Рышнов қаласында (Румыния) өтеді.



Біздің серіктес: Sport12kz