2 күн бұрын
Қазақстандық гимнастар Венгрияда өтетін Challenge Cup кезеңіне қатысады
Фото: Қазақстан ҰОК
18-20 қыркүйек аралығында Венгрияның Сомбатхей қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup турнирінің кезекті кезеңі өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстан құрамасы сапында жарысқа бес спортшы қатысады.
Құрама сапына енген гимнасшылар:
- Асан Салимов (еркін жаттығу, сақиналардағы жаттығу, қол тіреп секіру)
- Эмиль Ахмеджанов (еркін жаттығу, қоссырық және кермедегі жаттығу)
- Дияс Тойшыбек (ат үстіндегі жаттығу, қоссырық және кермедегі жаттығу)
- Зейнолла Идрисов (ат үстіндегі жаттығу)
- Алтынхан Темірбек (сақиналардағы жаттығу, қол тіреп секіру)
Жарыс 20 қыркүйекте аяқталады.
Біздің серіктес: Sport12kz