2 сағат бұрын
Қазақстандық таэквондошылар German Open G1-де бақ сынайды
Германияның Гамбург қаласында таэквондодан German Open G1 ашық турнирі өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жарысқа Қазақстан ұлттық құрамасының өкілдері де қатысады.
Қазақстан намысын Марғұлан Маратұлы (58 келіге дейін), Батый Абдулхамит (63 келіге дейін), Нодира Ахмедова (54 келіге дейін) және Аида Тәукенова (67 келіге дейін) қорғайды.
Айта кетейік, German Open G1 турнирі 19-20 қыркүйек аралығында өтеді.
Біздің серіктес: Sport12kz