1 күн бұрын
Қазақстандық танымал баскетболшы мансабын аяқтады
Қазақстандық баскетболшы Рустам Мырзағалиев кәсіби мансабын аяқтайтынын мәлімдеді.
Спортшы бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, баскетболдағы жолы Алматыда басталған. Алғашқы жаттықтырушысы Максим Рахимов болған.
Мырзағалиев мансабындағы маңызды кезеңдердің бірі «Астана» клубында өткенін атап өтті. Сондай-ақ ұлттық құрама сапындағы ойындарын ерекше еске алды.
«Ұлттық құрама сапында бірде-бір турнирді жіберіп алған емеспін. Ұлттық команданың жейдесін кигенде де, клуб сапында алаңға шыққанда да бар күшімді салуға тырыстым», – деді баскетболшы.
Рустам Мырзағалиев спорттағы жолының қалыптасуына үлес қосқан ата-анасына, жаттықтырушылары мен әріптестеріне алғыс айтты.
Біздің серіктес: Sport12kz