24 сағат бұрын
Ұлттық ұлан жауынгері «АСАУ–2026» жобасында жүлдегер атанды
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6654 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Асхат Арлан «АСАУ–2026» әскери-патриоттық жобасында екінші орын алды.
Қонаев гарнизоны Әскери прокуратурасы ұйымдастырған жоба барысында қатысушылар бірнеше бағыт бойынша сынға түсті. Олар жауынгерлік және дене дайындығын, ептілігі мен шапшаңдығын көрсетті.
Асхат Арлан барлық кезеңде жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, финалда 6654 әскери бөлімінің намысын қорғады.
Айта кетейік, жобаға қатысқан 4 мыңға жуық сарбаздың арасынан 9 жауынгер финалға жолдама алған. Соның ішінде Асхат Арлан жүлделі екінші орынға ие болды.
Біздің серіктес: Sport12kz