22 сағат бұрын
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Грузиядағы Гран-при кезеңіне қатысады
Фото: Қазақстан ҰОК
Халықаралық конькишілер одағы (ISU) мәнерлеп сырғанаудан Батумиде (Грузия) өтетін жасөспірімдер арасындағы Гран-при кезеңіне қатысушылардың алдын ала тізімін жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстан құрамасы жекелей сырғанауда және мұздағы биде сынға түседі.
Ерлер арасындағы жекелей сайыста Артур Смагулов өнер көрсетеді. Ал әйелдер арасында Мария Санникова бақ сынайды.
Ал мұздағы би бағдарламасында Ева Шелаева мен Иван Соловьев ел намысын қорғайды.
Айта кетейік, жарыс 24-26 қазан аралығында өтеді.
Біздің серіктес: Sport12kz