20 сағат бұрын
Әділ Ғалиахметов пен Алина Ажғалиева шорт-тректен Қазақстан чемпионатында топ жарды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Астана қаласында ересектер арасындағы шорт-тректен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Алау» мұзайдыны сарайындағы бәсеке барысында Қазақстан командасының бапкерлер штабы 2026-2027 жылғы маусымда халықаралық турнирлерге қатысатын Ұлттық құраманы жасақтайды. Бүгін еліміздің таңдаулы спортшылары кезекті жүлдені сарапқа салды.
Ерлер, 1000 метр:
1.Әділ Ғалиахметов — Астана қаласы
2. Айбек Темірхан — Шымкент қаласы
3. Максим Саенко — Солтүстік Қазақстан облысы
Әйелдер, 1000 метр:
1.Алина Ажғалиева — Батыс Қазақстан облысы
2. Зейнеп Құмарқан — Шығыс Қазақстан облысы
3. Гүлдана Жалмұқан — Батыс Қазақстан облысы
Аралас эстафета, 2000 метр:
1. Қостанай облысы
2. Алматы қаласы
3. Астана қаласы.
Біздің серіктес: Sport12kz