Матч орталығы
Премьер-Лига Футбол Тобыл Тобыл 19:00 Бүгін Елімай Елімай Премьер-Лига Футбол Астана Астана 19:00 Бүгін Қайрат Қайрат Премьер-Лига Футбол Атырау Атырау 20:00 Бүгін Ордабасы Ордабасы Еуропа лигасы Футбол Левски Левски 21:45 Бүгін Зальцбург Зальцбург Еуропа лигасы Футбол ОФИ ОФИ 21:45 Бүгін Хоффенхайм Хоффенхайм Ла Лига Футбол Бетис Бетис 22:00 Бүгін Хетафе Хетафе Еуропа лигасы Футбол Ювентус Ювентус 00:00 Ертең НЕК НЕК Еуропа лигасы Футбол Селтик Селтик 00:00 Ертең Ференцварош Ференцварош Еуропа лигасы Футбол Бешикташ Бешикташ 00:00 Ертең Марсель Марсель Еуропа лигасы Футбол Реал Сосьедад Реал Сосьедад 00:00 Ертең Борнмут Борнмут Еуропа лигасы Футбол Виктория Виктория 00:00 Ертең Юнион Юнион Еуропа лигасы Футбол Лиллестрем Лиллестрем 00:00 Ертең Торренсе Торренсе Еуропа лигасы Футбол Кристал Пэлас Кристал Пэлас 00:00 Ертең Лех Лех Ла Лига Футбол Малага Малага 00:30 Ертең Вильярреал Вильярреал Премьер-Лига Футбол Оқжетпес Оқжетпес 16:00 Ертең Жеңіс Жеңіс Премьер-Лига Футбол Жетісу Жетісу 17:00 Ертең Каспий Каспий Премьер-Лига Футбол Алтай Алтай 17:00 Ертең Ертіс Ертіс Премьер-Лига Футбол Қызылжар Қызылжар 19:00 Ертең Қайсар Қайсар Премьер-Лига Футбол Ақтөбе Ақтөбе 20:00 Ертең Ұлытау Ұлытау Бундеслига Футбол Бавария Бавария 23:30 Ертең Унион Унион

15 сағат бұрын

Геннадий Головкин АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісімен кездесті

Геннадий Головкин АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісімен кездесті

Фото: Қазақстан ҰОК

Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джули М. Стаффтпен кездесті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Кездесуге Қазақстан ҰОК Бас хатшысы Әлімжан Ақаев пен АҚШ Миссиясы басшысының орынбасары Дебора Робинсон да қатысты.

Тараптар Қазақстан мен АҚШ-тың спорт және дене шынықтыру саласындағы ынтымақтастығын одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Америкалық делегация өкілдері Қазақстанның халықаралық спорт аренасындағы белсенділігінің артып келе жатқанын атап өтіп, осы бағыттағы екіжақты байланысты кеңейтуге қызығушылық білдірді.

Кездесуде 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, Қазақстан делегациясына виза рәсімдеу мәселелері сөз болды. АҚШ Елшілігі қажетті қолдау көрсетуге, сондай-ақ, Олимпиада кезінде Лос-Анджелесте «Қазақстан үйін» ашуға байланысты ұйымдастыру және логистика мәселелерін шешуге атсалысуға дайын екенін жеткізді.

Қазақстан ҰОК мен АҚШ Елшілігінің өкілдері қазақстандық боксшылардың жақында АҚШ-тың спорт базаларында өткізген оқу-жаттығу жиындарының нәтижесін оң бағалады. Кездесуге қатысушылар екі ел спортшыларының қатысуымен АҚШ пен Қазақстанда бірлескен оқу-жаттығу жиындары мен спаррингтерді тұрақты түрде өткізуге қызығушылық білдірді.

Қазақстан тарапы елімізде өтетін ірі халықаралық спорт жарыстары, оның ішінде алдағы әлем чемпионаттары мен Алматыда өтетін қысқы Азия ойындарының өткізілу мерзімдері туралы өзекті ақпарат ұсынды. АҚШ Елшілігінің өкілдері ірі халықаралық спорттық іс-шаралар аясындағы өзара байланысты одан әрі дамытуға қызығушылық танытты.

Кездесу соңында америкалық делегация өкілдері спорт дипломатиясының Қазақстан мен АҚШ арасындағы байланысты нығайтудың маңызды тетіктерінің бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ олар спорт және дене шынықтыру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірлескен бастамаларға қолдау көрсетуге дайын екенін растады.


Біздің серіктес: Sport12kz