4 сағат бұрын
Қазақстан әйелдер құрамасы шахмат Олимпиадасында үздік үштікке кірді
Қазақстан әйелдер құрамасы Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтіп жатқан шахматтан 2026 жылғы Дүниежүзілік Олимпиаданың алғашқы турында үздік үштікке енді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстандық шахматшылар алғашқы турда Ботсвана құрамасын 4:0 есебімен жеңді. Алуа Нұрман, Меруерт Камалиденова, Елназ Қалиахмет және Зарина Нұрғалиева қарсыластарын ұтты. Команда көшбасшысы Бибісара Асаубаева бұл кездесуде қосалқы құрамда қалды.
Қазақстан әйелдер құрамасы екі командалық және төрт жеке ұпай жинап, аралық турнир кестесінде үшінші орында тұр. Қазақстаннан жоғары Үндістан мен Грузия құрамалары орналасқан. Олар қосымша көрсеткіштер бойынша алда келеді.
Қазақстан ерлер құрамасы да Олимпиаданы жеңіспен бастады. Отандастарымыз Гаити құрамасын 4:0 есебімен ойсырата ұтты.
Айта кетейік, шахматтан Дүниежүзілік Олимпиада 15-27 қыркүйек аралығында Самарқандта өтеді. Жарыс швейцариялық жүйе бойынша 11 турдан тұрады.
Біздің серіктес: Sport12kz