2 сағат бұрын
Қазақстан әйелдер құрамасы Азиада-2026-ны жеңіспен бастады
Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азия ойындарында әйелдер арасындағы волейбол бәсекесі басталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстан әйелдер құрамасы В тобында өнер көрсетіп жатыр.
Қазақстандық волейболшылар алғашқы матчында Филиппин құрамасымен кездесіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Ойын партияларының есебі — 27:29, 26:24, 25:23, 25:19.
Осылайша, Қазақстан құрамасы жарыстың ширек финалына жолдама алды.
Қазақстан командасының сапында Айгүл Мүлкібаева, Жанна Сыроешкина, Ирина Кузнецова, Кристина Белова, Маргарита Бельченко, Мадина Бекет, Наталья Хазова, Перизат Нұрбергенова, Полина Уфимцева, Татьяна Никитина, Татьяна Яцкив және Юлия Фоменко бар.
Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 18 қыркүйекте Қытайға қарсы өткізеді. Қытайлық волейболшылар бұған дейін Филиппин құрамасын 3:0 есебімен жеңген.
Біздің серіктес: Sport12kz