4 сағат бұрын
Бессайысшылар Азия ойындарының финалына шықты
Аичи-Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында қазіргі бессайыстан әйелдер арасындағы жартылай финал аяқталды.
Қазақстан сапынан Аяна Қазбекова, Диана Щедрова және Юлиана Петрова финалға жолдама алды.
Жарыстың екінші күнінде спортшылар семсерлесу, кедергілер жолағы, жүзу және laser run сайыстарында бақ сынады. Аяна Қазбекова 1363 ұпай жинап, өз тобында бесінші орын иеленсе, Диана Щедрова 1356 ұпаймен бесінші болды. Ал Юлиана Петрова 1345 ұпай жинап, тоғызыншы нәтиже көрсетті.
Үш спортшы да жарыстың шешуші кезеңіне өтті.
Әйелдер арасындағы финал 20 қыркүйекте өтеді.
Біздің серіктес: Sport12kz