3 сағат бұрын
Бибісара Асаубаева бастаған құрам Босния және Герцеговинаға қарсы ойнайды
Қазақстан әйелдер құрамасы шахматтан Бүкіләлемдік Олимпиаданың екінші турында Босния және Герцеговинамен кездеседі.
Бұл матчта ұлттық құрама көшбасшысы Бибісара Асаубаева бірінші тақтада ойнайды. Ол алғашқы турда Ботсванаға қарсы матчқа қатыспаған еді. Қазақстандық шахматшылар қарсыласын 4:0 есебімен жеңді.
Босния және Герцеговинаға қарсы кездесуге Қазақстан құрамасының мына ойыншылары шығады:
• 1-тақта: Бибісара Асаубаева
• 2-тақта: Меруерт Камалиденова
• 3-тақта: Елназ Қалиахмет
• 4-тақта: Зарина Нұрғалиева
Алуа Нұрман бұл турға қатыспайды.
Бүгін ерлер құрамасы да Олимпиададағы екінші кездесуін өткізеді. Қазақстандық шахматшылар Нигериямен ойнайды. Құрама сапында Денис Махнёв, Даниял Сапенов, Алдияр Аңсат және Жандос Ағманов өнер көрсетеді.
Ерлер құрамасы алғашқы турда Гаитиді 4:0 есебімен жеңген.
Екі матч та Қазақстан уақытымен сағат 15:00-де басталады.
Біздің серіктес: Sport12kz