3 сағат бұрын
ФИДЕ Бибісара Асаубаеваның тең ойыны туралы жазды
Халықаралық шахмат федерациясы (ФИДЕ) Қазақстан құрамасының шахматшысы Бибісара Асаубаеваның Самарқандта (Өзбекстан) өтіп жатқан Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасының екінші турында тең ойынға қол жеткізгеніне назар аударды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстан әйелдер құрамасы Олимпиадада үшінші нөмірмен қатысып, екінші турда Босния және Герцеговина командасымен кездесті. Қазақстандық шахматшылар 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Бірінші турды өткізіп алған Бибісара Асаубаева турнирдегі алғашқы партиясын бірінші тақтада өткізіп, Милана Бабичпен тең түсті.
«Екінші турда көп сенсация болады деп күтілмегенімен, бірнеше кездесуде рейтингтер арасындағы айырмашылыққа қарамастан тартысты ойын өрбіді. Үшінші нөмірмен қатысқан Қазақстан Босния және Герцеговинаны 3:1 есебімен жеңді. Бірінші тақтада Милана Бабич Олимпиададағы алғашқы партиясын өткізген Бибісара Асаубаевамен тең түсті», — делінген ФИДЕ шолуында.
Екі турдан кейін Қазақстан құрамасының еншісінде төрт командалық ұпай бар. Алғашқы турда қазақстандық шахматшылар Ливия құрамасын 4:0 есебімен жеңген еді.
Біздің серіктес: Sport12kz