3 күн бұрын
Баскетболдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы жорығын аяқтады
Қазақстанның 3х3 баскетболдан ерлер құрамасы әлем чемпионатындағы жорығын аяқтады.
А тобында төрт ойын өткізген ұлттық құрама бір матчта жеңіске жетіп, үш рет жеңілді.
17 қыркүйекте қазақстандықтар алдымен Тонганы 21:14 есебімен ұтты. Кейін Нидерланд құрамасына қарсы ойнап, 9:22 есебімен есе жіберді.
Бұған дейін жерлестеріміз Сербия мен Германия құрамаларынан ұтылған еді.
Осылайша Қазақстан құрамасы топтық кезеңнен әрі аса алмады.
Әлем чемпионатында ел намысын Жангир Дюсенов, Роман Байболов, Илья Пестов, Айболат Омаров және Азамат Жанибеков қорғады.
Біздің серіктес: Sport12kz