8 сағат бұрын
Валиева: «Біз өз құқықтарымыз үшін күресеміз»
Мәнерлеп сырғанаушы Камила Валиева бейтарап мәртебесінен айырылғаннан кейін өз құқықтары үшін күресетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Заңгерлер жұмыс істеп жатыр. Біз өз құқықтарымыз үшін күресеміз», — деді Валиева журналистерге.
Еске салайық, спортшы жексенбі күні Ресей құрамасының бақылау жаттығуларында еркін бағдарламасын орындаған болатын. Жаттығудан кейін мәнерлеп сырғанаушы көз жасына ерік берді.
Бұған дейін Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) Камила Валиеваның бейтарап мәртебесін қайтарып алған еді.
20 жастағы Валиева допингке қарсы ережені бұзғаны үшін төрт жылдық дисквалификациясын аяқтағаннан кейін спорттық мансабын қайта жалғастыру туралы шешім қабылдаған. Қазір ол Татьяна Навканың командасында Светлана Соколовскаяның жетекшілігімен жаттығады.
Біздің серіктес: Sport12kz