3 сағат бұрын
Ұлттық ұланның жеңіл атлетикадан біріншілігі аяқталды
Астанада ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығының жеңіл атлетикадан жеке-командалық біріншілігі өтті.
Орталық саябақта ұйымдастырылған жарысқа Ұлттық ұланның құрылымдарынан 15 команда қатысты.
Жекелей сында 35 жасқа дейінгі спортшылар арасында лейтенант Раманзан Махмуд, 40 жасқа дейінгі санатта майор Асхат Қалықов, ал 40 жастан жоғары топта подполковник Ержан Айтуғанов үздік атанды.
Командалық есепте Арнайы операциялар орталығының командасы бірінші орын иеленді. Жауынгерлік даярлық бас басқармасы екінші, Тыл басқармасы үшінші орынға жайғасты.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге грамоталар табысталып, Арнайы операциялар орталығының командасына ауыспалы кубок берілді.
Марапаттау рәсімін Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Бекайдар Қазкеев өткізді.
Біздің серіктес: Sport12kz