5 сағат бұрын
Атырауда дәстүрлі садақ атудан Қазақстан чемпионаты өтті
Атырау қаласында дәстүрлі садақ атудан ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ел біріншілігіне Қазақстанның 20 өңірінен 300-ге жуық спортшы қатысты. Сайыс барысында мергендер пута, қалқан, Орта Азия және жамбы нысаналары бойынша сынға түсіп, өзара мықтыны анықтады.
Жарыстың жалпыкомандалық есебінде Батыс Қазақстан облысының құрамасы бірінші орынға ие болды. Алматы қаласының спортшылары екінші сатыдан көрінсе, Астана қаласының құрамасы үздік үштікті түйіндеді.
Чемпионат барысында спортшылар жоғары шеберлік пен табандылық танытып, дәстүрлі садақ ату спортының елімізде қарқынды дамып келе жатқанын көрсетті.
Елорда құрамасын жүлделі нәтижесімен құттықтаймыз!
Жамбы нысанасы бойынша жеңімпаздар – ерлер арасында:
Дүйсен Абдулла – 1 орын
Егибаев Азамат – 2 орын
Нұртаев Азамат – 3 орын
Жамбы нысанасы бойынша жеңімпаздар – әйелдер арасында:
Ғалымжанова Әсемгүл – 1-орын
Құрмажанова Назерке – 2-орын
Рафхатова БибиАйша – 3-орын.
Біздің серіктес: Sport12kz